364.95 -2.35     416.99 -2.69     5.55 -0.03    
Среда, 21 Ноября 2018 Время:

Алматыда Домбыра күнін тойлауға дайындық жүріп жатыр

Создано: 30.06.2018
  • 323
  • 0

1 шілдеде сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін Панфилов және Жібек Жолы көшелерінде, сондай-ақ Ықылас ат. Халық музыкалық аспаптар мұражайында мәдени-ойын-сауық іс-шаралары өтеді, деп хабарлайды «Комсомольская правда».


Бұл күні Оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтары қолданбалы өнер жәрмеңкелерінде, фотожәрмеңкелерде, домбырашылардың концерттерінде ұлттық музыкалық аспапта үйрену бойынша мастер-кластарға қатыса алады. Бұдан басқа, домбырамен ойналатын ойындарға және байқаулар мен сыйлықтарға арналған викториналар жоспарланған. Ұйымдастырушылар кішігірім ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастыруда да ұмытпайды.


Сағат 12-де Жібек Жолы көшесіндегі флэшмобқа мерекелік іс-шараға дайындалған 500 домбырашы қатысады. Содан кейін барлық қатысушылары үшін «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетеді.


Іс-шараның соңында Халық музыкалық аспаптар мұражайының ғимаратында сәндік жарықтандыру кештің сәнін келтіреді.

Автор Искендир Айнур

КОММЕНТАРИИ

Всего комментариев: 0

Çàãðóçêà...