371.31 0.00     419.32 0.00     5.59 0.00    
Понедельник, 17 Декабря 2018 Время:

«Алтын белгі» иегерлеріне гранттар басқаша жолмен бөлінеді

Создано: 13.03.2018
  • 622
  • 0

Енді «Алтын белгі» иегерлері ҰБТ-ны тапсыру кезінде жаңа артықшылықтарға ие болады, - деп мәлім етті Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, деп хабарлайды «Комсомолка».

Бүгін Мәжіліс депутаттары жұмыс тобының отырысында «Алтын белгі» иегерлеріне арналған гранттар бөлінуіне қатысты түзетулер енгізді.

«Бұл түзетуді депутаттар қолдады. Алдағы уақытта көптеген қазақстандық түлектерге үлкен сын күтіп тұр. Яғни, гранттар «Алтын белгі» иегерлеріне ҰБТ-дан жинаған балымен сәйкес болса ғана беріледі, - деді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев өз сөзінде.

«Өздеріңіз білетіндей, былтыр Астанаға мектеп бітірген түлектердің ата-аналары келіп, осы бастаманы алға тартып, әлеуметтік әділеттілік мынадай сұрақ қойды: «Мен 130 балл жинасам да өтпеймін, неге, ол 120 балл жинаса өтеді?». (...) Бүгінгі таңда депуттар бұл сұрақты қолдады, бұл түзетулер өз күшіне енетініне үміттенеміз. Ағымдағы жылы да гранттар тек қана «Алтын белгі» иегерлеріне ҰБТ-дан жинаған балына тең болса ғана беріледі, - деп толықтырды Сағадиев.

Автор Искендир Айнур

КОММЕНТАРИИ

Всего комментариев: 0

Çàãðóçêà...