326.28 +0.48     398.22 +0.39     5.29 0.00    
Четверг, 26 Апреля 2018 Время:

Алматыда «Kazakhstan Fashion Week» сән апталығы аяқталды

Создано: 14.04.2018
  • 257
  • 0

Іс-шараның соңғы күні Dostyk Plaza сауда орталығында «New Generation. Open Way-2018» атты дизайнерлер конкурсы жарияланды.


Байқауға Қазақстан, Қырғызстан және Ресейден 500-ден астам жұмыстар ұсынылды. Олардың 20-сы таңдалды. Үздік дизайнерлер - Айя және Бота Қырғызбаевтар болып танылды.


Мегаполисте ұлттық сән апталығы үш күнге созылды - 10-13 сәуір аралығы күндері болды. Биылғы жылдың сән-салтанаты екі алаңда - Dostyk Plaza сауда орталығының көркем кеңістігінде және Абай ат. опера және балет театрының сахнасында өтті. Шоу барысында 2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы маусымның жинағын көре аласыз.


Өз коллекцияларын мына дизайнерлер ұсынды. Олар: Yerlan Zholdasbek, Judy Ai, Tamara Lamanukaeva, Sergey Shabunin, Arunaz, Di Siitova, Dinara Satzhan, Naiyl Baikuchukov, Alex Chzhen by one to one, By Sipa (Узбекистан), Sophia (Россия), Giedi Afw (Азербайджан), Zineb Joundy Ofs (Морокко), Bouchra Filali Ofs (Морокко), Hany el Behairy Ofs (Египет), Zharuma Ayza (Россия), Tara Jarmon (Франция).


Бұл мәдени жоба 15 жыл бойы - бір апта ішінде шығармашылық қазақстандықтарды жинаған асыға күткен жылдық оқиғалардың біріне айналды. Сән апталығына сәнқой адамдар ғана емес, сонымен қатар шығармашылықтың шынайы білгірлері де келеді.

Автор Искендир Айнур

КОММЕНТАРИИ

Всего комментариев: 0

Çàãðóçêà...