371.31 0.00     419.32 0.00     5.59 0.00    
Среда, 19 Декабря 2018 Время:

Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жоспарлары талқыланды

Создано: 16.04.2018
  • 350
  • 0

ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен ҚХР-на барып, онда ірі корпорациялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «Комсомольская правда».


Кездесу қаржы, өнеркәсіп және құрылыс саласындағы ірі компаниялардың басшыларымен өткізілді.

 «Екі ел басшыларының арқасында - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың барлық спекторы бойынша ынтымақтастық жоғары деңгейге жетті. «Нұрлы жол» мен Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуі»  атты екі бағдарламалар екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді», - деді А.Мамин.


Сапар барысында Асқар Мамин Ляньюньган қаласының мэрімен және «ЛК порт Ляньюньган» ЖШС-нің президентімен «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА-да болашақ даму тақырыптары бойынша кездесу өткізді.

Автор Искендир Айнур

КОММЕНТАРИИ

Всего комментариев: 0

Çàãðóçêà...