327.42 0.00     383.51 0.00     5.29 0.00    
Воскресенье, 27 Мая 2018 Время:

Назарбаев жастарға үлкен үміт артты

Создано: 15.05.2018
  • 104
  • 0

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев жастар және оқушылар сарайында болды, онда денсаулық сақтау және білім беру саласында цифрландыру бойынша жобалар ұсынылды, деп хабарлайды Ақорданың сайтына сілтеме жасаған «Комсомольская правда».


Мемлекет басшысы облыстың белсенді жастар өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында жастар мен жас мамандарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы айтылды.


- Мектептер мен университеттер ғылымға бағытталған. Қазіргі заманауи кезеңде адам өзінің бүкіл өмірін біліммен өткізуі керек. Бес немесе алты жылда көптеген жаңа мамандықтар жоғалып кетеді де, орнына жаңалары енеді. Біздің бар үмітіміз жастарда, себебі сіздер жылдам дамып келе жатқан әлемнен артта қалмау туралы үнемі ойланатын боласыздар, - деп қорытты өз сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.

Автор Искендир Айнур

КОММЕНТАРИИ

Всего комментариев: 0

Çàãðóçêà...