364.95 -2.35     416.99 -2.69     5.55 -0.03    
Среда, 21 Ноября 2018 Время:

Дәрігерлер менингиттен екі баланы құтқарып қалды

Создано: 08.06.2018
  • 442
  • 0

Бірден екі бала Алматыдағы Балалар инфекциялық аурулар ауруханасына жеткізілді. Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының екінші пациенті менингокок инфекциясынан жазылып кетті. 7 жасар Айдар Рашидұлы тез арада ауруханадан шығарылады. Баланың анасы баласын жоғалтудың алдында қалғанын айтуда.


«26-нан 27 мамырға дейін біз ауруханада болдық, тез арада жедел жәрдем бригадасы келіп, ауруханаға жеткізді. Бірден талдаулар жасалды, дәрігерлер қатты уайымдап, менингит деген диагноз қойды. Талдау нәтижелері баланың ерте сатылы менингит болғанын көрсетті», - дейді Айдардың анасы.


«Оның температурасы жоғары болды, сосын құсты. Оны дәрігерлер тез қабылдағанын атап өткім келеді. Себебі баланы ауруханаға әкелгенде, ол өте әлсізденіп, үнемі құсты, ол тамақ ішпеді, мен қорықтым. Мен баламды жоғалтып алатын шығармын деп қорықтым. Ауруханадағы жағдай жақсы болды, дәрігерлерге алғысымды білдіргім келеді», - деді Замира.


Сондай-ақ, аптаның соңына дейін тағы бір жас пациент - Заңғар Асқарұлын шығаруы тиіс. Баланың анасы атап өткендей, ұлы ауруханаға жеткізілген күні көбісі балалар болған. Барлығы менингитке күдікті болды. Дегенмен, дәрігерлер барлық шараларды уақытында қабылдады және кішкентай науқастарға көмек көрсетті.

Автор Искендир Айнур

КОММЕНТАРИИ

Всего комментариев: 0

Çàãðóçêà...