369.98 -0.05     428.7 +0.21     5.64 +0.03    
Четверг, 18 Октября 2018 Время:

Жыл басынан бастап Қазақстанда менингококктан қайтыс болғандар саны 13 адамға жеткен

Создано: 09.06.2018
  • 509
  • 0

Денсаулық сақтау министрлігі 9 маусымда Қазақстанда менингококк инфекциясының эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды, деп хабарлайды ведомство сайтына сілтеме жасаған «Комсомольская правда».


Қазақстан Республикасында 2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 60 оқиғасы тіркелді. Олардың ішінде: Алматы - 6, Алматы облысында - 4, Оңтүстік Қазақстан - 2, Қызылордада - 1 оқиға.
Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қатаң бақылауында.


Менингококк инфекциясы - бактериялар шақыратын,түрлі клиникалық көріністерімен өтетін инфекциялық ауру екендігін ескеру қажет. Инфекцияны тасымалдаушылар - науқас адамдар және «сау тасушылар» болып табылады. Яғни, қандай да бір клиникалық көріністері жоқ адамдар, бірақ олар менингококк тасымалдаушылары болып табылады. Менингококк инфекциясының жұқпалы маусымы - қысқы және көктемгі кезеңде сипатталады, - делінген хабарламада.


Катараль симптомдары бар аурудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде (тамақтың қызаруы, безгегі, бас ауыруы, әлсіздік), дәрігерге көріну қажет, деп ұсыныс айтады Денсаулық сақтау министрлігі.

Автор Искендир Айнур

КОММЕНТАРИИ

Всего комментариев: 0

Çàãðóçêà...