360.12 0.00     409.67 0.00     5.33 0.00    
Воскресенье, 19 Августа 2018 Время:

Ильин өзін қолдап, демегені үшін Назарбаевқа алғысын айтты

Создано: 11.06.2018
  • 241
  • 0

Ауыр салмақтағы спортшы Илья Ильин ОКҚ баспасөз конференциясында үлкен спортқа қайта оралғанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ІІМ «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасаған «Комсомольская правда».


«Кеше, дисквалификация кезеңін алып тастаған күні, мен өзімді еркін сезіндім, көңіл-күйім көтерілді. Мен сүйікті ісіме қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Мен зілтемірді көтеруді жақсы көремін, ол маған энергия мен қуат береді. Мені осы уақытқа дейін қолдағандарыңыз үшін ризамын », - деді спортшы.


«Бүгін мен рухани әкеме - еліміздің Президентіне алғыс айтамын. Мен үшін өте қиын болған кезде өткен жылы ЭКСПО-да кездестік, ол маған: «Бәрі жақсы, сен мен үшін чемпионсың, алаңдама! Бәрі жақсы болады, мен саған сенемін!». Мен үшін қиын сәтте қолдау тапқан қарапайым сөздер әрі қарайғы ілгерілеу үшін қуатты ынталандыру болды. Нұрсұлтан Әбішұлы мен үшін тек Президент қана емес, рухани жақын адамым. Мен бақытты адаммын, себебі Нұрсұлтан Әбішұлы менің еңбегімді үшін жоғары бағалайды », - деді Ильин.

Автор Искендир Айнур

КОММЕНТАРИИ

Всего комментариев: 0

Çàãðóçêà...