359 -2.94     420.1 -3.15     5.41 +0.01    
Пятница, 21 Сентября 2018 Время:

Қазақстандық сөрелерде денсаулыққа қауіпті өнімдер анықталды

Создано: 24.06.2018
  • 243
  • 0

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің хабарлауынша, зиянды өнімдер Қырғызстанның бірнеше компанияларының өнімдерінде анықталған, деп хабарлайды «Комсомольская правда».


1. «РИХА» өніміндегі «Испанская» шұжықтары сынамаларынан ішек таяқшасы тобының бактериялары табылды;


2.«Умут и Ко» ЖШС өндірген сұранысқа ие «День и Ночь» шоколадты және ақ глазурдегі крем-балмұздағынан тамақ улануын тудыратын Staphylococcus aureus ( стафилококк түрі -Sputnik) табылды;

3.«Эмилия» ЖШС сынамаларындағы өнімдерден «голландық ірімшік» 45% ішек таяқшасы тобының бактериялары табылды.


Айта кетейік, біраз уақыт бұрын ірімшік өндірушілер Қазақстан нарығына қауіпті өнімдердің алдын-алу үшін кепілдік берген, бірақ Денсаулық сақтау министрлігінің комитеті бұл кепілдіктердің орындалмау фактісін анықтады.


«Бұл өнімдер Кеден одағының «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы», «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттері мен «Тамақ өнімдерін таңбалау тұрғысынан» техникалық талаптарына сай келмейді.


Қазіргі уақытта Комитет сәйкес емес өнімдерді алып қоюға және жоюға шаралар қабылдайды, және бүкіл ел бойынша зертханалық бақылау күшейтілді.


Бұдан басқа, Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігіне өндірушілердің қызметін бақылау туралы хабарлама жіберілді.

Автор Искендир Айнур

КОММЕНТАРИИ

Всего комментариев: 0

Çàãðóçêà...